ЖАҢАЛЫҚТАР


02.11.2010
Ұлттық бірлік – Қазақстан дамуының негізі

Қазанның 27 күні Талдау және болжау институтының «Шығыс» баспасөз орталығында Мәдениет министрлігінің қолдауымен Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының вице-президенті Т. Мамыраймовтың  қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Кездесудің  мақсаты – өңірлерде Елбасының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауының басымды бағыттарын түсіндіруге бағытталған іс-шараларды жүргізуге бағыт-бағдар беру.

 

Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының вице-президенті Т. Мамыраймов өз сөзінде Елбасы Жолдауы – алдағы 10 жылда жүзеге асыруға бағытталған стратегиялық маңызы бар құжат екендігін атап өтті. Осы уақытқа дейін мемлекет дамуының негізгі базисі ретінде алдымен экономика, содан кейін саясат қарастырылатын болса, бүгінгі таңда Қазақстанның жемісті дамуының негізгі базисі Қазақстан Республикасының ұлттық бірлігі, ұлттардың біріккен консолидациясы болып табылады.

 

Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының вице-президенті Т. Мамыраймов айтуына қарағанда, Қазақстандағы этно-саяси жағдайды, ұлттық бірліктің даму сипатын жан-жақты талдау барысында алынған нәтижелердің көңілге жұбаныш бермейді. Елімізде  ішкі бірлік, мәдени-тілдік тұтастық  әлі де жолға қойылмаған.  Жергілікті жерлерде этностық, мәдени-тілдік оқшаулану байқалатындығын көрсетті. Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы саяси коммуникациядағы мемлекеттік тілдің атқаратын қызметіне  зерттеу жүргізген көрінеді. Сол зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, саяси қайраткерлер, әртүрлі деңгейдегі басшылардың жасаған баяндамаларында жергілікті ұлт өкілдерінің ұлттық сезімдеріне эксплуатация жасайтындығы байқалған. Орыс тіліндегі баяндама мәтіндері ақпараттық сипатқа ие болса, қазақ тіліндегі баяндама мәтіндері көбінесе халықты бірлікке шақырған ұрандарға толы болады екен.

 

Бұл мәлімет жиналған қауым арасында бірқатар ой-пікірлер тудырды. Ал Талдау және болжау институтының директоры О. В. Чернышов өз сөзінде  Елбасы Жолдауы – халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған, жан-жақты ойластырылған құжат екендігін, сол құжатты халыққа жеткізу, түсіндіру өте маңызды екендігін білдірді.  Осы орайда жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарының атқаратын ролі зор дегенді айтып өтті.

 

Ардақ Мергембаева

01.11.2010

www.iapvko.kz


23.10.2010
Жаңа Мүмкіндіктерге жол ашқан жолдау

Осыған дейін еліміздің түрлі аймақтарында Елбасы Жолдауын насихаттау шараларын өткізіп жүрген Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы өкілдері жақында Сыр өңіріне келді. Орталықтың ұйымдастыруымен облыстық «Сыр бойы» газетінде өткізілген «Елбасы Жолдауы - жаңа мүмкіндіктер, жарқын болашақ» атты дөңгелек үстелде Мемлекет басшысы Жолдауының еліміз экономикасындағы өрлеуге негіз болғаны баса айтылды.

 

Дөңгелек үстелді Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының бас сарапшысы Әсет Тұрдығұлов ашып, жинал­ғандарды орталықтың Елбасы Жолдауын насихаттау бағытындағы жұмысынан хабардар етті. Осыған дейінгі Елбасы Жолдау­ларында саясат, экономика, ішкі және сыртқы жағдай, әлеуметтік тұрақтылық кеңінен қамтылып келді. Ал «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдау дамудың жаңа арнасын айқындаумен ерекшеленіп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен индустриялық-инновациялық өрлеудің негізі қаланды. Әсіресе, аймақтар тыныс-тіршілігінде экономиканы әртараптандыру бағытындағы бастамалардың тиімділігі ерекше байқалады.

 

Орталықтың сарапшысы Нәзира Демежанова биылғы Жолдау Еуропаға төрелік айтып отырған Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартуды жүйелі түрде жүзеге асыруға арналғанын жеткізді. Оның мысалы Елбасы тапсырмасымен қолға алынған «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы. Экономикалық идеологияға айналған бағдарламадағы 3 бағыт бойынша қазір қаржы институттары кәсіпкерлік секторды қаржыландырып отыр. Елді дамытудағы осындай тәжірибе бұрынғы посткеңестік мемлекеттердің ешқайсысында кездес­пейді. Бұл жағынан алып қарағанда, Қазақстан ТМД аймағында дағдарыстан кейінгі экономиканың қозғаушы күшін айқындаған әрі оған мемлекет тарапынан нақты қолдау көрсеткен алғашқы республика болып отыр.

 

Дөңгелек үстелде «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының нұсқаушысы Мақсат Еспембетов те пікірін білдіріп, Жолдауды насихаттауды жастар арасында жиі өткізу жөніндегі ұсынысын жеткізді.

 

Ашық пікір алмасуда облыстық басылым қызметкерлері де Елбасы Жолдауын жүзеге асыру бағытындағы шаралар жөнінде толымды пікір қосты.

 

Мұрат Жетпісбаев.

2010-10-22

http://www.syrboyi.kz/


24.06.2010
2010 жылдың 29 маусымында «Ислам Конференциясы Ұйымы және Қазақстан: ынтымақтастықтың болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

 

БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы 2010 жылдың 29 маусымында «Ислам Конференциясы Ұйымы және Қазақстан: ынтымақтастықтың болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстелдің өзектілігінің себебі мынада: Қазақстан 2011 жылы «Ислам Концеренциясы Ұйымына» мүше-елдердің Сыртқы істер министрлер кеңесінің 38 сессиясына төрағалық  етеді. Соған байланысты, аталған шараның мақсаты Қазақстандағы діндердің, мемлекеттердің және қоғамның өзара әрекеттестігі сияқты көкейкесті мәселелерді талдау, сондай-ақ Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымының төрағасы ретіндегі сыртқы саясаттағы бастамаларына талдау жасау болып табылады.  

Мұсылмандар құқығының бұзылу фактілері соңғы жылдары кең тарап отыр. Ол Батыстың дәстүрлі христиандар мекендейтін елдерінде мұсылмандардың  көбеюінің және осыған байланысты әлеуметтік және саяси жанжалдардың туындауының салдарынан болып отыр. Көбінесе діннің сыртқы атрибуттарына қатысты мәселелер жиі кездеседі, мысалы хиджаб кию, сондай-ақ ойдан шығарылған экстремизм бойынша жазғыруларға негізделген құқыққа қайшы келетін жазалау әрекеттері. Бұл проблема Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Дін мен мемлекеттің қарым-қатынасы, исламның қоғамдағы рөлі қандай болуы керек – бұл біз үшін өте көкейкесті мәселе. Мемлекеттің зайырлы сипаты мемлекеттің діни өміріне, әсіресе мұсылмандар басым көпшілік болып табылатын қоғам өміріне толығымен қатыспауды көздемейді. Ислам экономикалық және әлеуметтік өмірде, дәстүрді сақтауда, қоғамның жан-жақты дамуында позитивті рөл атқаруы керек және тиіс те.

Экономикаға ислам принциптерін енгізу әсіресе әлемдік экономикалық дағдарыстан кейін актуалды бола түсті. Жаңа принциптер, әсіресе банк қызметі саласында қажет, өйткені бүгінгі күнгі әлемге әділетті қаржы жүйесінің ауадай қажет екендігін дағдарыс көрсетіп берді. Ислам экономикасының құндылығы, оның әлеуметтік бағдарында, пайда табуды емес, халықтың мүддесін көтеруді бірінші орынға қоюында болып отыр. Дөңгелек үстелде ислам принциптерін экономикаға енгізу шеңберіндегі жалпы әлемдік үрдістерді ғана емес, сондай-ақ Қазақстандағы осы саладағы ахуалды да талқылау көзделіп отыр.

Бүгінгі күні ислам елдері әлеуметтік, саяси, экономикалық трансформация процестерін бастан өткізіп отыр. Бұл процестердің позитивтік жағы ғана бола бермейді. Ол кейде радикализмнің өсуіне алып келеді. Теріс пиғылды діни секталар көптеп пайда бола бастады, олар көбінесе таза саяси мақсатты көздейді. Осының барлығы діннің бірлігіне нұқсан келтіреді, мұсылмандардың бауырмашылдық идеясына қайшы келеді. Аталған проблема шеңберінде өтетін пікірталас тақырыбы аймақтағы және Қазақстандағы жағдайға талдау жасау болмақ.

Дөңгелек үстелдің маңызды бағыттарының бірі Қазақстанның және оның сыртқы саяси бастамаларының 2011 жылы ИКҰ төрағасы қызметін атқарған кезде атқаруы мүмкін шараларын талқылау болмақ.

Дөңгелек үстелде мынадай тақырыптарды талқылау көзделіп отыр:

  • Қазақстанның 2011 жылы  Ислам Концеренциясы Ұйымына мүше-елдердің Сыртқы істер министрлер кеңесінің 38 сессиясына төрағалық етудегі сыртқы саяси бастамалары
  • Мұсылмандар құқығы
  • Экономикадағы ислам принциптері
  • Діни радикализмге қарсы әрекет

Дөңгелек үстелдің жұмысына Қазақстанның және шет елдердің тәуелсіз және мемлекеттік ғылыми-зерттеу және талдау құрылымдарының өкілдері, дінтанушы-сарапшылар, шығыстанушылар, саясаттанушылар, БАҚ және Мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатыспақ.

Осы басқосуға қатысу жайлы және баяндама тақырыбы жайлы (тек баяндама жасаушылар үшін)  2010 жылдың 28 мамырынан кешікпей бізге хабар беруіңізді сұраймыз. Біздің тел.: +8 (327) 3758818, немесе электрондық пошта: gpcenter2007@gmail.com. Ұйымдастырушылар атынан: Назира Демежанова.  

 

Өткізу орны: Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 113, «АСТАНА»

қонақүйі, «Құрылтай» конференц-залы.   

Жұмыс тілдері: қазақша, орысша

Тіркелу уақыты: 09:30.

Басталуы: 10:00.


22.06.2010
2010 жылы 25 маусым күні Семей қаласында «Қазақ тілі коммуникация және әлеуметтік қозғалыс құралы ретінде» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өтеді

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы және Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен 2010 жылы 25 маусым күні Семей қаласында «Қазақ тілі коммуникация және әлеуметтік қозғалыс құралы ретінде» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өткізеді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты болып қазақ тілінің қазіргі жай-күйін, оның нақты әлеуметтік және саяси мәртебесі мәселелерін талқылау табылады.

Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін иеленгеніне 21 жылға жуық уақыт болды. Содан бергі уақытта қоғам мемлекеттік тілді үйрену және дамыту қажеттілігін түсіне бастады. Қазақ мектептері, ЖОО-нда қазақ бөлімдерінің саны көбейе бастады. Қазақ тіліне деген қажеттілік арта түсуде. Дегенмен әлі де болса тіл саласында проблемалар сақталуда. Бұл мемлекеттік тілді дамыту және енгізу қажеттілігі туралы мәселенің  мемлекетпен де, саяси партиялар мен қозғалыстар мен де әлі де көтеріліп келе жатқандығын көрсетеді. Тілмен байланысты көптеген проблемалар бұл тақырыпты үлкен айтыс-тартысқа айналдырып жіберді.

Маңызды проблемалардың бірі болып қазақ тілінің әлеуметтік және саяси коммуникациядағы рөлі табылады. Бұл жерде басты рөлді БАҚ және ақпараттық ортаның жай-күйі атқарады. Өкінішке орай бүгінгі күнге дейін Қазақстан ресейлік мәдени-ақпараттық кеңістікте аясында қалып отыр.

Тілдің мәртебесі – басқа проблема. Қазақ тілінің ресми мәртебесі жоғары, ол мемлекеттік тіл. Бірақ іс жүзінде жағдай мүлдем басқа.  Әлеуметтік қозғалыс үшін тілді білу пайдалылығы – оның беделін көтеретін факторлардың бірі болып табылады. Бірақ зерттеу қорытындылары көрсеткендей мемлекеттік шенеуніктердің 10%-на жетер-жетпесі ғана мемлекеттік тілді жұмыста қатынас құралы ретінде қолданады екен.

Дөңгелек үстелде мынадай мәселелер талқыға салынады деп күтілуде:

·         қазақ тілінің рөлі әлеуметтік коммуникация құралы ретінде;

·         қазақтілді ақпараттық орталық және оның жай-күйі;

·         қазақ тілі саясатта және мемлекеттік қызметте;

·         қазақ тілінің дамуының болашақтағы басты бағыттары.

«Дөңгелек үстел» жұмысына еліміздегі мемлекеттік органдар өкілдері,   сарапшылар, тіл зерттеушілері, саясаттанушылар, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері қатысады.

Аталған дөңгелек үстел жұмысына қатысатын жағдайда баяндамаңыздың тақырыбын (баяндамашылар үшін кешіктірмей   +8 (727) 3758818 тел./факсына, немесе : gpcenter2007@gmail.com электрондық поштасына хабарласуыңызды өтінеміз. Жауапты тұлға: Демежанова Назира.

 

Өткізілетін орны: Семей қ., Абай көшесі 94, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, бас ғимарат, 2 қабат.

Тіркелу уақыты: 09:30

«Дөңгелек үстел» жұмысының басталуы: 10:00  

 


22.06.2010
«Қазақ тілі коммуникация және әлеуметтік қозғалыс құралы ретінде» тақырыбының «Дөңгелек үстел» бағдарламасы

«Қазақ тілінің коммуникативтік және әлеуметтік мүмкіндіктері»

атты «ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

Мерзімі:

 

 

25 маусым 2010 ж.

 

Ұйымдастырушылары:

Организаторы:

ҚР Мәдениет министрлігі, Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы.

 

Өткізілетін орны:

 

Семей қ., Абай к-сі 94, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, бас ғимарат, 2 қабат

  

Өткізілу уақыты:

09:30 – 13:00

Тіркелу уақыты:

09:30-10:00

Басталуы/Соңы:

10:00-13:15

Регламенті:                       

Баяндама жасау уақыты: 15 минутке дейін.

Өз еркімен баяндама жасаушыларға арналған уақыт: 15 минутке дейін.

Пікірталас уақыты: 25 минутке дейін.

Кофе-брейк уақыты: 15 минутке дейін.

Жұмыс тілі:

Мемлекеттік тілде

Модератор:

Алияров Есенжол Қаниұлы, Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының президенті, саяси ғылымдарының докторы. 

БАСТАЛУЫ

10:00-10:05

Модератордың кіріспе сөзі

10:05-10:10

Құттықтау сөз. Құрманбаева Шырын Асылханқызы, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің ректоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор.

10:10.-10:25

 

Тұрдығұлов Әсет Қайырханұлы, Қазақстан Жастар Одағының төрағасы.

Баяндама тақырыбы: «Қазақтілді саяси дискурсты ғылыми-әдістемелік және сараптамалық қамтамасыз ету  сипаты».

10:25-10:40

Мұқажанова Раушан Мұратханқызы, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Баяндама тақырыбы: «Тіл – мемлекет тірегі».

10:40-10:55

Смағұлова Ақмарал Төлеуғазықызы, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты.

Баяндама тақырыбы: «Қазіргі қазақ терминологиясының  мәселелері».

11:55-12:10

Пікірталас

12:10-12:25

Кофе-брейк

12:25-12:40

Алияров Есенжол Қаниұлы, Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының президенті, саяси ғылымдарының докторы.

Баяндама тақырыбы: «Қазақ тілі, мәдениет және қазіргі қоғам».

12:40–12:55

Садықова Раиса Толеуқызы - Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы

Баяндама тақырыбы: «Мемлекеттік тілде әзірленетін құжаттардың сауаттылығы».

12:55– 13:10

Пікірталас

13:10 – 13:15

 

Нәтижелерді қорытындылап, қарар кабылдау.

Алияров Есенжол Қаниұлы, Құрманбаева Шырын Асылханқызы

 


15.06.2010
17 маусым күні Талдықорған қаласында «Қазақ тілі, мәдениет және заманауи қоғам» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өтеді

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен 2010 жылдың 17 маусым күні Талдықорған қаласында «Қазақ тілі, мәдениет және заманауи қоғам» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өткізеді.

Қазақстанның Кеңес Одағының құрамында болған кезеңінде қазақ тілінің, мәдениетінің саласында бірқатар керітартпа процестер жүзеге асырылды. Қазақ ұлтының біршама бөлігі осы кезеңде өзінің этникалық негізгі элементтерін, оның ішінде бастылары болып табылатын тілі мен мәдениетін жоғалта бастады. Нәтижесінде осы уақыт аралығында қазақ халқының арасында мәңгүрттену, ұлттық сана-сезім рухының төмендеуі, рухани-мәдени тәжірибедегі ұрпақтар сабақтастығының үзілуі кең тарай бастады.

Еліміз егемендік алғаннан кейін осы процестерді еңсеру біздің мемлекет үшін алғашқы міндеттердің бірі болды. 20 жылға жуық уақыт ішінде біз осы бағытта белгілі бір жетістіктерге қол жеткіздік. Алайда қазақ тілі мен қазақ мәдениетінің мәртебесін нығайту бағытында әлі де болса белгілі бір қиындықтар бар.

Осы айтылғандарды саралай келе қалыптасқан жағдайдан жол тауып шығу қажет екендігі түсінікті болады. Аталған дөңгелек үстел қазақ тілінің, қазақ мәдениетінің дамуын ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету ісіне қосылған кезекті үлес болып табылады. Дөңгелек үстелде мынадай проблемалы мәселелер талқыға салынады:

·         қазақ мәдениетін модернизациялаудың проблемалары мен келешегі;

·         мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру жолдары, әлеуметтік коммуникациядағы оның рөлі.

«Дөңгелек үстел» жұмысына еліміздегі мемлекеттік, тәуелсіз ғылыми-зерттеу және талдау құрылымдарының сараапшылары, мәдениеттанушылар, тіл зерттеушілері, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері қатысады.

Аталған дөңгелек үстел жұмысына қатысатын жағдайда баяндамаңыздың тақырыбын (баяндамашылар үшін) 2010 жылдың 17 маусымынан кешіктірмей   +8 (327) 3758818 тел./факсына, немесе: gpcenter2007@gmail.com электрондық поштасына хабарласуыңызды өтінеміз. Жауапты тұлға: Демежанова Назира.

 

Өткізілетін орны: Талдықорған қ., Қаратал шағынауданы, «Тіл сарайы».

Тіркелу уақыты: 10:30

«Дөңгелек үстел» жұмысының басталуы: 11:00


14.06.2010
«Бүгінгі Қазақстан қоғамындағы саясат пен мәдениет» атты дөңгелек үстел өтеді.

 

Баспасөз мәлімдемесі 

  

Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен 2010 жыл мамырдың 16-сы күні «Бүгінгі Қазақстан қоғамындағы саясат пен мәдениет» атты дөңгелек үстел өткізеді.

Мәдениет құндылықтарды жарататын, тарататын, ал кейде оларды жоятын институттар жиынтығы болса, саясат осы құндылықтарды үнемі өз мақсатында пайдаланады. Мысалы, билікті қолдау немесе билікке жету мақсатында, мемлекет пен қоғамды алға қарай дамыту мақсатында немесе оларды құлдырату мақсатында апара алатыне институттар жиынтығы болып табылады.  қоғамды күйзеліске ұшырату болып табылады.

Қоғам дамуының әр сатысында әртүрлі саясат та орын алады, бірақ саясаттың мәдениетке тек практикалық және функционалдық тұрғыдан қарайтындығы рас. Ал мәдениет өз өзіне функционалды түрде ешқашан да қараған емес, себебі оның табиғаты әр алуан болғандықтан оның мақсаттары да әрқилы болып келеді. Мысалы, өнер, поэзия, театр, әдебиет, білім, архитектура және тағы да басқа осы сияқты көптеген салалар мәдени парадигма жүйесінде ғана қалыптасады. Сондықтан мәдениет пен саясат арасындағы қарама-қайшылық, яғни рухани даму мен саяси даму арасындағы алшақтық дағдарыс кезеңінде, тарихтың елеулі оқиғаларға толы кезеңінде анық сезіледі. Бұл орайда осы екеуі арасында қарама-қайшылықтың пайда болуына ғажап емес. Ал демократиялық жүйеде саясат пен мәдениеттің негізгі назары қоғамда болғандықтан, бұл қоғам рөлінің ерекше маңыздылығын аңғартады.

Бұл өз кезегінде бүгінгі Қазақстандағы мәдениет пен саясат арасында толпы жатқан проблемалардың өзекті мәселе екендігін аңғартады. Осы мәселелерді талқылауға қатысты дөңгелек үстелдің тақырыптары мынадай болмақталқылау қарастырылған:

·         Қазіргі қазақстан қоғамындағы саясат және мәдениет

·         Бүгінгі саясаттағы мәдениеттің алатын орны

·         Қазақстанның мәдени саясаты: проблемалары мен келешегі

 

Дөңгелек үстелге Қазақстанның тәуелсіз және мемлекеттік ғылыми-зерттеу және сараптамалық құрылымдары, мәдениеттанушылар, тілтанушылар, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, БАҚ және Мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатыспақ.

Осы басқосуға қатысу жайлы және баяндама тақырыбы жайлы (тек баяндама жасаушылар үшін)  2010 жылдың 14 мамырынан кешікпей бізге хабар беруіңізді сұраймыз.

Біздің тел.: +8 (327) 3758818, немесе электрондық пошта: gpcenter2007@gmail.com.  

Ұйымдастырушылар атынан: Назира Демежанова.  

Өткізу орны: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 14, Қазақстан Республикасы Ұлттық

кітапханасының конференц-залы. 

  

Жұмыс тілдері: қазақша, орысша

Тіркелу уақыты: 09:30.

Басталуы: 10:00.


26.05.2010
Этникалық ұйымдар этносаяси топтарға айналып бара ма?

Кеше Алматыда тәуелсіз саяси-зерттеу институттарының ғалымдары бас қосты. Конференцияның тақырыбы «Этникааралық өзара қатынастар мен қазіргі Қазақстанның этносаясатындағы ресурстық фактор» деп аталды. Қазір әлемде ұлтаралық жанжалдардан сақтанбайтын мемлекет кемде-кем. Қоғамдық тұрақтылықты сақтай отырып, экономикалық жетістіктерге жету – тәуелсіз еліміздің де басты принциптерінің бірі. Бұл жоспарларды іске асыру үшін барлық елде де ғалымдардың қатысуымен қоғамдық зерттеулер жүргізіліп отырады. Әлбетте, қанша тұрақты болса да, жүзден аса ұлт өкілдері мекендейтін біздің елімізде де осындай фундаментальді зерделеу болып тұруы шарт.

 

Көршілес Қырғызстанның бас ауруына айналған қоғамдық тұрақсыздық алдымен тақ таласынан басталғанымен, соңы ұлтаралық жанжалдарға ұласып кеткені әмбеге аян. Міне, осындай жағдайларды мысалға алған ғалымдар қазіргі Қазақстандағы этникааралық қатынастарды сараптады.

 

Мұхит АСАНБАЕВ, саясаттанушы:

 

– Қоғамдағы экономикалық диспропорцияның этникааралық қатынастарға әсері көп. Мысалы, Қырғызстандағы өзбектер мен түрік месхеттерінің экономикалық әлеуеті мен жергілікті ұлттың әлеуметтік жағдайын салыстыруға келмейді. Уақыт өте келе, бұл жағдай әлеуметтік жарылысқа әкеп соққанын көріп отырмыз. Қырғыздар алдын ала кімнің үйін тонау керек екенін жақсы білген. Яғни бұл құбылыс бірден орын алмаған. Осындай тосын оқиғалармен бетпе-бет келмес үшін реттеуге билік мүдделі болуы шарт.

 

Досым СӘТПАЕВ,«Тәуекелді бағалау тобының» жетекшісі:


– Саясаттағы диспропорция қоғамның тұрақтылығына қауіп әкелмейді. Мұны билігінің басында 90 пайыздан астам қазақтар отырған Қазақстанның тәжірибесінен көруге болады. Өркениетті елдердің барлығында да мемлекетқұраушы ұлттың өкілдері билікте отыр. Саясаттағы шиеленіс тек қана саяси науқандар кезінде көпе-көрінеу бұрмалаушылықтар кезінде ғана орын алады. Ал экономикалық теңсіздік – үлкен қауіп.
Осы жиында Қазақстандағы билік үшін күресуге тиіс саяси партиялардың бәсекеге қабілетсіздігі туралы да айтылмай қалмады. Досым Сәтпаев бір сөзінде «біздің елде саяси партиялардан гөрі, түрлі ұйымдардың қызметі белсенді» дегенді айтып өтті. Саяси партия дегеннен шығады. Қазақстанда Конституция бойынша этникалық тегіне байланысты саяси партия құруға тыйым салынады. Бірақ этникалық топтардың белсенділігі күн сайын қуат алып барады. Бұл туралы жас ғалым Талғат Мамырайымов өзінің «Саяси факторлар мен ықпалдардың Қазақстандағы этникааралық қатынастарға әсері» атты баяндамасында айтып өтті. Қоғамда орын алып жатқан келеңсіздіктерді жіпке тізгендей атап өткен ол нақты мысалдарымен де бөлісе отырды.

 

Талғат МАМЫРАЙЫМОВ, Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының бас сарапшысы:


– Қазақстандағы этникалық ұйымдар этносаяси топтарға айналып барады. Бұларға сырттан қолдау да табылып отыр. Бәрімізге белгілі «Русские в Казахстане» сайтында қоғамға қауіпті, арандатушылық мақсаттағы ақпараттар өріп жүреді. Тіпті олардың әлеуметтік сауалнамаларының өзі олардың мысықпиғылды әрекеттерінен хабар береді. Егер этносаяси топтардың әрекеттеріне белгілі бір тоқтау болмаса, республикамыздың барлық маңызды қалаларына жаппай қоныстанған қазақтар мен өзге ұлт өкілдерінің арасында түсінбеушіліктер қалыптасуы мүмкін.

 

Жарқын Түсіпбекұлы

 

Ақпарат көзі: http://www.alashainasy.kz/?p=36915#comments


14.01.2010
2009 жылы 4 қыркүйек күні Астана қаласында «Қазақстан: жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайындағы әлеуметтік саясат тәжірибесі» тақырыбына «Дөңгелек үстел өтеді.

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

2009 жылы 4 қыркүйек күні Астана қаласында «Қазақстан:  жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайындағы әлеуметтік саясат тәжірибесі» тақырыбына «Дөңгелек үстел» өтеді.

Ұйымдастырушы: Астана қалалық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы.

            Бүгінгі күні күллі әлем өте көлемді қаржылық-экономикалық дағдарысты бастан өткеруде. Аталған дағдарыс Қазақстанды да шарпып өтті. Жаһандық экономикалық дағдарыстың кері әсері біздің мемлекетіміздің экономикасына ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік жүйесіне де өз әсерін тигізді. Еліміздегі билік Қазақстандағы жаһандық экономикалық дағдарыстың келеңсіз белгілерімен күресуде негізінен экономикалық тәсілдерге баса мән беруде. Көп жағдайда, дағдарыстан шығудың кешенді шараларының барлығы дерлік экономикалық кеңістікте туған проблемаларды шешуге бағытталған. Нәтижесінде, Қазақстанда орын алып жатқан әлеуметтік процестер мемлекеттің назарынан біршама тыс қалды.

            Осылайша, біз мемлекетіміздің әлеуметтік кеңістігіндегі бүгінгі күні байқалып отырған әлеуметтік көңіл-күйдің нашарлауы, биліктің абырой-беделінің төмендеуі, наразылықтың өсуі сияқты келеңсіз процестердің дамуының алдын алатын уақытты жіберіп алдық. Бұл, біздің мемлекетіміздің әлеуметтік саясаты қазіргі күннің ағымынан біршама қалып бара жатқандығынан хабар береді.

            Сонымен бірге, жоғарыда айтылған Қазақстанның әлеуметтік кеңістігіндегі келеңсіз өзгерістер қайтымсыз құбылыстар болып табылмайды. Жағдайды түзету мүмкіндігі әрқашан бар. Осындай кезеңде, жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайындағы мемлекеттің әлеуметтік саясатына түзету енгізетін практикалық және теориялық ұсыныстар мен ережелерді жасап шығару қажетті және өзекті болып отыр. Осы тақырыпта өткізілетін Дөңгелек үстел Қазақстандағы қоғамдық дамуға жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарыстың одан әрі келеңсіз әсер етуінің алдын-алу мақсатында мемлекетіміздің әлеуметтік саясаты үшін ұсыныстар мен ережелерді жасап шығару бағытын ұстанады.

            «Дөңгелек үстел» жұмысына еліміздегі мемлекеттік, тәуелсіз ғылыми-зерттеу және талдау құрылымдарының сарапшылары, сондай-ақ Қазақстандағы жетекші ЖОО-ның оқытушылары қатысады.

 

Қосымша мәліметтер бойынша мына тел/факс бойынша +8 (727) 242-95-55, 242-77-55 немесе gpcenter2007@gmail.com эл. поштасына хабарласыңыз.

Жауапты тұлға: Демежанова Н.Ж.

 

Өткізілетін орны: Астана қ., Республика даңғ. 33, «Абай» қонақ үйі, мәжіліс залы.

 

Тіркелу уақыты: 09:30

 

«Дөңгелек үстел» жұмысының басталуы: 10:00


13.01.2010
2009 жылы 11 қараша күні Талдықорған қаласында «Қазақстан халқы Ассамблеясының аймақтардағы этномәдени бірлестіктермен жұмысының тиімділігін арттыру» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өтеді.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

2009 жылы 11 қараша күні Талдықорған қаласында «Қазақстан халқы Ассамблеясының аймақтардағы этномәдени бірлестіктермен жұмысының тиімділігін арттыру» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өтеді.

Ұйымдастырушы: Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасы, Алматы облыстық Қазақстан халқы Асамблеясы және Алматы облысындағы этникалық диаспоралардың өкілдері.

Қазақстанда полиэтникалық мемлекет ретінде этникааралық кеңістіктегі тұрақтылықты нығайту, республикадағы этностардың арасындағы өзара түсіністік мен татулықты дамыту, олардың біртұтас ұлтқа бірігу мәселелері негізгі, басым рөлге ие. Біздің мемлекетіміздің келешегінің тұрақтылығы пен қауіпсіздігі аталған сұрақтың ойдағыдай шешілуімен тығыз байланысты. Оның үстіне мемлекетіміз азаттық алған кезден бастап еліміздің аумағында түрлі уақыттарда  этникааралық негізде кикілжіңдердің орын алуы аталған мәселені одан әрі өзекті ете түседі.

Жоғарыда аталған проблемалармен айналысатын ұйымдардың бірі ретінде 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған еді. Өзінің құрылған уақытынан бастап бұл ұйым Қазақстандағы этникааралық төзімділік пен бірігуді дамыту және нығайту жолында айтарлықтай үлес қосып келе жатыр. Алайда қол жеткізілген жетістіктер Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын босаңсытуға негіз бола алмайды. Осыған орай, еліміздегі этникааралық тұрақтылықты нығайту және дамытудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін күшейту бойынша біздіңше қажетті қадам ретінде, аталған ұйымның оның аймақтардағы этномәдени бірлестіктермен жұмысының тиімділігін арттыру болып табылады.      

«Дөңгелек үстел» жұмысына Қазақстан халқы Асамблеясының өкілдері, еліміздегі мемлекеттік, тәуелсіз ғылыми-зерттеу және талдау құрылымдарының сарапшылары, сондай-ақ Қазақстандағы жетекші ЖОО-ның оқытушылары қатысады.

Қосымша мәліметтер бойынша мына тел/факс бойынша +8 (727) 375-77-55, 375-88-18 немесе gpcenter2007@gmail.com эл. поштасына хабарласыңыз. Жауапты тұлға: Назира  Демежанова

 

Өткізілетін орны: Талдықорған қ.,

 

Тіркелу уақыты: 10:30

 

«Дөңгелек үстел» жұмысының басталуы: 11:0



Страницы: 1, 2, 3, 4  След.
 

 

© Қазақстандық гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы

Дизайн Бухрякова Степана
Барлық құқықтар қорғалған. Толық немесе жартылай материалдарды пайдаланған жағдайда www.sarap.kzсайтына және мақаланың авторына сілтеме жасау міндетті.